Оқиға • 09 Маусым, 2023

Астанада ана мен бала 12-қабаттың терезесінен құлап кетті

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада ана мен бала 12-қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада ана мен бала 12-қабаттың терезесінен құлап кетті

«9 маусым күні сағат 14:19-да 102 арнасына сығанақ көшесінің бойындағы 12-қабаттың терезесінен баласы бар әйел құлап кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды, ал бала ауруханада көз жұмды», деп хабарлады елордалық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеп-тексеру мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.