Спорт • 10 Маусым, 2023

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 256-ракеткасы, жапониялық Юта Шимизумен бақ сынасты. 

Бірінші партияда жапониялық теннисші басым түсті – 6:4.

Ал екіншісінде М.Кукушкин намысқа тырысып, қарсыласын 6:3 есебімен жеңді.

Үшінші, шешуші сетте Михаил ойынды 3:1 есебімен аяқтап, матчты жеңіспен түйіндеді. Жалпы есеп – 6:4.

Екі сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 3 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) ойынды аяқтады.

Енді Михаил Кукушкин финалға шығу үшін әлемнің 259-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен таласады.

Айта кетейік, қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде қазақстандық теннисші 271-сатыға көтерілді.