Елорда • 15 Маусым, 2023

Елордада тағы бір көше уақытша жабылады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Иманбаева көшесінің учаскесінде жол төсемі жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада тағы бір көше уақытша жабылады

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы орташа жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр. 

Осыған байланысты 15-18 маусым аралығында Ш.Иманбаева көшесінің Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.