Қоғам • 16 Маусым, 2023

Елордадан Алакөлге «Тальго» пойызының алғашқы рейсі жолға шықты

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл 15  маусымда елордадан Алакөл курортты аймағы бағытында «Астана-Достық» №257/258 бағдары бойынша алғашқы пойыз жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz  «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордадан Алакөлге «Тальго» пойызының алғашқы рейсі жолға шықты

Пойыз аптасына екі рет: Астанадан – жексенбі, бейсенбі сайын, Достық станциясынан – дүйсенбі және жұма сайын жол жүреді. Пойызда 346 жолаушыға орын бар.

Бағдардың Астанадан Алакөлге дейінгі ұзындығы - 1399 км.  Пойыз жолда - 21 сағат 45 минут жүреді. «Тальго» пойызы - Алакөлге жетудің оңтайлы жолы, вагондар  ауа желдеткіш, биодәретхана, розеткамен жабдықталған.

Жолаушыларға  vputi.kz мультимедиялық ойын-сауықтық порталын қолдануға болады. Пойызда ерекше қажеттілігі бар жандар үшін гранд класындағы вагондар бар және вагон-мейрамхана қарастырылған. Билет құны вагон класына қарай  17 мың теңгеден басталады.

Ал оңтүстік астанадан Алакөлге дейін «Тальго» вагондарынан құралған екі жолаушылар пойызы:

  • №211/212 «Алматы-Достық» (346 жолаушылар орны бар) күнара: Алматыдан - жұп күндері, Достықтан - тақ күндері;
  • №253/254 «Алматы-Достық» (276 жолаушылар орны) күнара: Алматыдан - тақ күндері, Достықтан - жұп күндері қатынайды.

Алматы мен Достықтың арасы  846 км жол, жолға кететін уақыт – 17 сағат 35 минут. Билет құны 11 мың теңгеден басталады. 

«Тальго» пойыздарының арнайы орындарына ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін жол жүру құжатының жалпы құнынан 70% жеңілдік қарастырылады. Билеттерді кассадан немесе https://bilet.railways.kz сайты арқылы комиссиясыз сатып алуға болады.  

Сонымен қатар Алакөл бағытында жазғы мезгілде 8 бағдар бойынша жолаушылар пойыздары қатынайды:

  • №53/54 «Астана-Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ );
  • №122/6941/6942/121 «Астана-Достық» пойызы(жеке тасымалдаушы «АрайТрансКЗ» ЖШС);
  • №221/222 «Алматы – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
  • №22/6941/6942/21 «Алматы – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
  • №337/338 «Алматы – Достық» пойызы (жеке тасымалдаушы «Vagon Service Almaty» АҚ;
  • №457/458 «Семей – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
  • №459/460 «Өскемен – Достық» (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
  • №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» қала маңы пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ)