Қоғам • 17 Маусым, 2023

Жол қозғалысы ережелерін бұзған елордалық жауапкершілікке тартылды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бурабай курортының аумағында көліктің ашық люгіне шыққан қыз басқа жүргізушілердің ызасын тудырған. Жол қозғалысы ережелерін екі рет бұзған елордалық қызды Ақмола полицейлері жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол қозғалысы ережелерін бұзған елордалық жауапкершілікке тартылды

«Instagram әлеуметтік желісіндегі полиция департаментінің ресми парақшасына жол ережесін бұзған бейнежазбаны азаматтық ұстанымы бар жүргізуші жіберген. Бейнетіркегіш алда келе жатқан «Chery Tiggo» маркалы автокөліктің шатырындағы люктен жолаушы басын сұққанын тіркеген», делінген хабарламада. 

Бейнежазбаға патрульдік полиция қызметкерлері бірден әрекет етті. Сол күні құқық қорғау органдары 19 жастағы автокөліктің иесін анықтады. Кейін ҚР ӘҚБтК 593-бабы бойынша қауіпсіздік белдіктерін тақпағандары үшін екі әкімшілік хаттама толтырды.