Спорт • 17 Маусым, 2023

Grand Slam турнирі: Қазақстандықтар тағы екі қола медаль жеңіп алды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінің екінші күнінде дзюдодан Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Grand Slam турнирі: Қазақстандықтар тағы екі қола медаль жеңіп алды

Екі қола жүлде де 73 келі салмақтағы спортшылар еншісінде.

Данияр Шамшаев жерлесі Жансай Смағұловтан мықты болып шықты. Ал Асқар Нарқұлов Георгий Терашвилиді (Грузия) жеңді.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бірінші күні Мағжан Шамшадин - алтын, Ғұсман Қырғызбаев - күміс медаль жеңіп алған еді.