Елорда • 18 Маусым, 2023

Астанада жол-көлік инфрақұрылымы қалай дамып жатыр?

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл жаңадан ашылатын көпір мен жөндеуден өтетін көшелер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада жол-көлік инфрақұрылымы қалай дамып жатыр?

«Қала мен тұрғындардың өсуін назарға ала отырып, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің нысандарын салумен бірге, жол инфрақұрылымын дамытуға да көңіл бөлеміз. Биыл қалаға 400 автобус жеткіземіз. Ал басым бөлігі шілде айынан бастап жеткізіле бастайды», деп жазды әкім. 

Сондай-ақ елорда басшысы қала жолдарындағы көлік ағынын сейілту үшін биыл Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталатынын атап өтті.

ф

«Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді, сол сияқты сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешіті ауданымен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді», деді Ж.Қасымбек. 

Сонымен қатар барлық ауданда жол жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Биыл ұзындығы 54 км-ден асатын 70-тен астам көшені жөндеу жоспарланып отыр.

«Мәселен олар Ғұмар Қараш, Қордай, Бурабай, Белжайлау көшелері, Кенесары көшесінің Ғабдуллин көшесінен Республика даңғылына дейінгі аралығы, Уәлиханов көшесінің Кравцова көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі аралығы, Тәшенов көшесінің Республика даңғылынан Амман көшесіне дейінгі тұсы, Иманбаева көшесінің Иманов көшесінен Кенесарыға дейінгі аумағы, Әл-Фараби даңғылының Алаш тасжолынан Пушкин көшесіне дейінгі жері, Жеңіс даңғылының Бөгенбай батыр тұсынан Кенесары көшесіне дейінгі аралығы, Еңбекшілер көшесінің құрылысы Ұлы дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесіне дейінгі тұсы; Рысқұлов көшесінің Мәңгілік ел даңғылынан Қайсенов көшесіне дейінгі аралығы, Сарыарқа, Р.Қошқарбаев даңғылдары және т.б. Биыл шамамен 300 көше жөндеуден өтеді», деп жазды елорда әкімі.