Қоғам • 18 Маусым, 2023

Елордада Әкелер күні қалай атап өтілді?

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Әкелер күніне орай «Әке – отбасының тірегі» атты мерекелік бағдарлама өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елордада Әкелер күні қалай атап өтілді?

Биылғы жылдың 31 мамырында ҚР Үкіметі жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде бүкіл ел бойынша атап өтілетін Әкелер күні – жаңа мереке күнін белгіледі.

Мерекелік іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және елорда тұрғындары қатысты.

Әкелер күнінің негізгі мақсаты - дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету мен «ынталы ата-ана болу» идеясын насихаттау.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әкелердің отбасын нығайту мен бала тәрбиесіндегі рөлі жайында сөз қозғады.

«Отан - отбасынан басталады. Ал отбасының тірегі, отағасы мен қара шаңырақтың иесі - әкелер екені белгілі. Бүгін осы жерге өмірдің сан түрлі  қиындықтарына төтеп беріп, жұртқа пана болған қадірлі де құрметті әкелереміз келіп отыр. Барша жиналған әкелер қауымын шын жүректен бүгінгі мерекемен құттықтаймын!», деді министр.

ф

Іс-шара аясында әкелер күніне орай әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, мерекелік концерт және балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар республика бойынша Әкелер күніне орайластырылған сараптамалық алаңдар, дөңгелек үстелдер, көп балалы әкелердің қатысуымен отбасылық жарыстар өтті.