Елорда • 19 Маусым, 2023

Астанадағы өрт: тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес берілді

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрігерлер Астана тұрғындары мен қонақтарын көшеге шықпауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадағы өрт: тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес берілді

«Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта өрт сөндірушілер 15 гектар аумаққа шарпыған жалынмен күресіп жүр. Өрт орнына жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.