Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Тет-а-тет форматындағы келіссөздер достық рухында өтті және конструктивті әрі мазмұнды болды. Екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан мен Германия Президенттері келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Желқуар» өткізу пункті қайта ашылды
Қоғам • Бүгін, 11:49
«Мал жаюға кетіп оралмаған». Жетісуда ер адамның мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 10:35
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 09:30
Димаш Құдайбергеннің ағылшын тілінде жаңа әні жарыққа шықты
Өнер • Бүгін, 00:46
Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп жатыр
Төтенше жағдай • Кеше