Әлем • 20 Маусым, 2023

АҚШ-та торнадодан бір адам қаза тапты

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Миссисипи штатында торнадодан 1 адам қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

АҚШ-та торнадодан бір адам қаза тапты

Құйынды дауылдан 20-дан аса тұрғын жарақат алды. Алапат құйыннан әсіресе Луэн мекені қатты зардап шеккен. Ұйытқып соққан дүлей жел көптеген үйдің тас талқанын шығарған. Бірқатар өңірде ондаған мың ғимарат электр энерегиясынан ажырап, жарықсыз қалды. Аймақта табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.