Саясат • 20 Маусым, 2023

Германия Президентінің Қазақстанға сапары барысында 9 құжатқа қол қойылды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Федералды Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германия Президентінің Қазақстанға сапары барысында 9 құжатқа қол қойылды

Германияның Федералды Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық экономика және климат министрлігі арасындағы Қазақстаннан кәсіпорындар басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы бірлескен мәлімдеме;
3. Ұлттық геологиялық қызмет пен федералдық геологиялық ғылымдар және табиғи ресурстар институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
4. Жамбыл облысы әкімдігі мен «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС арасында гипсокартон парақтары мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім;
5. Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісім;
6. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен «Rhenus SE & Co. KG» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
7. «DВ Engineering & Consulting GmbH» және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ арасындағы жолаушылар тасымалы және көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамыту туралы келісім;
8. «Siemens» технологиясы бойынша ҚР энергетика саласы үшін кернеудің орта класты тарату құрылғыларының өндірісін оқшаулау туралы шарт;
9. Сирек жер металдар қазбаларына геологиялық барлау және оларды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісім.