Қоғам • 20 Маусым, 2023

Елордадағы түтіннен ыстанған сегіз адам дәрігер көмегіне жүгінген

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 маусымда елордадағы Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға баратын айналма жол арасында қураған шөп пен қамыс өртенген еді. Кеше қаланы қалың түтін басты. Салдарынан сегіз адамға ыс тиген, оның ішінде екі бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы түтіннен ыстанған сегіз адам дәрігер көмегіне жүгінген

Мамандардың айтуынша, Астанадағы өрттен кейін бас айналу және жүрек айну шағымдары бойынша алты ересек адам мен екі бала ауруханаға жеткізілген. 

«Көмекке жүгінген науқастарда бас айналу, жүрек айну белгілері болды. Оларға амбулаториялық деңгейде уақтылы медициналық көмек көрсетілді. Қазір 14 жасар бала ауруханада ем алып жатыр, жағдайы тұрақты», делінген қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.