Тағайындау • 21 Маусым, 2023

Энергетика вице-министрі тағайындалды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды,  деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика вице-министрі тағайындалды

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. «Әділет» жоғары заң мектебін, «Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда бас маман болып бастаған. 2004-2012 жылдары мұнай-газ саласында басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2012-2016 жылдары KMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, сауда жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді. 2016-2022 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2022 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдерінің маркетингі департаментінің басшысы қызметін атқарды.