Мәдениет • 22 Маусым, 2023

Қазақстанда сұлулық индустриясындағы «Italian Beauty Days» атты ауқымды оқиға басталды

254 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл күндері Алматыда Қазақстан Республикасындағы Италия Елшілігінің Сауда алмасуды дамыту бөлімі мен Cosmetica Italia ұлттық қауымдастығының ұйытқы болуымен, үш күнге ұласатын «Italian Beauty Days» іс-шарасыөтіп жатыр.

Қазақстанда сұлулық индустриясындағы «Italian Beauty Days» атты ауқымды оқиға басталды

Қазақстанда ғана емес, Орталық Азиядағы ең алғашқы, тек қана италиялық парфюмерия мен косметика өндірушілері ғана қатысып жатқан күндерге Италияның 22 ірі компаниясы қатысуда. Оған қоса ауқымды оқиға аясында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның 300-ден астам косметика саласының мамандары италиялық өндірушілермен кездесіп, ақыл-кеңес алмасу жұмыстарына араласып отыр.

Italian Beauty Days – қазақстандық іскерлерге италиялық өндірушілердің басым бөлігімен тікелей байланыс орнатуға, жаңа іскер серіктестер табуға, ынтымақтастық шарттарын талқылауға, нарықты зерттеуге, ұсыныстарды талдауға және арнайы бағалар бойынша келісімшарттар жасауға жол ашып отыр. Қызығушылық танытқан тұтынушылар заманауи сұлулық индустриясының үрдістері туралы ең өзекті ақпаратты алып қана қоймай, италиялық сарапшыларға сұлулық индустриясына қатысты сұрақтар қоюға, ойласуға мүмкіндік алып жатыр.

Осы орайда бұл бастама– СДБ мен Cosmetica Italia салалық компаниялар қауымдастығының бірлескен бастамасы екендігін атап өткен жөн. Оның ішінде бүкіл Италияда орналасқан трансұлттық корпорациялардан бастап шағын және орта өндірістік және дистрибьюторлық фирмаларға дейін 640-тан астам компаниялары қамтылған. Cosmetica Italia-ны құрайтын компаниялар косметика секторының жалпы ұлттық айналымының 90% құрайды (2022 жылы 13,3 млрд еуро). Сонымен қатар, Еуропада италиялық косметика нарығы Германия мен Франциядан кейінгі үшінші орын алады. Мәселен, дүниежүзінде қолданылатын косметиканың 55 пайызын италиялық фирмалар өндіретінін атап өтсек те жеткілікті. Оған қоса Cosmetica Italia косметика өнеркәсібіне арналған халықаралық Cosmoprof BolognaFiere жәрмеңкесінің негізгі серіктесі.

«Италиялық өндірушілер үшін Қазақстан мен Орталық Азия нарығындағы жұмыс өте маңызды. Мысалы, 2022 жылы италиялық косметиканың Орталық Азияға экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 24,9%-ке өсті. Қазақстанды ғана айтар болсақ, мұнда өсім 40,7%-ке жетті. Бұл таңғаларлық дүние емес: Made in Italy косметикасы жоғары сапа мен өндірушілердің инновацияларға деген ұмтылысының арқасында танымал. Италияның косметикалық компаниялары ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға орта есеппен өз айналымының кемінде 6% инвестициялайды. Нарық үрдістері мен тұтынушылардың қажеттіліктеріне үнемі назар аудару бізге көп талап етілетін қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын өнімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Қазақстанмен, жалпы Орталық Азия нарығымен, жергілікті тұтынушылардың дәстүрлері және талғамдарымен танысу, әрі білімімізді тереңдету италиялық компаниялар үшін өте маңызды және құнды», дейді Cosmetica Italia вице-президенті Фабио Франкина.

Өз кезегінде Алматыдағы СДБ директоры Мартино Кастеллани мырза Италияның өндірістік компаниялары мен Қазақстан кәсіпкерлері арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай байланыстар Қазақстан мен өңір нарығының осы саласын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.