Қоғам • 23 Маусым, 2023

Елдің ең жас және ең қарт адамдары қайда тұрады?

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы еліміздің ең жас және ең егде адамдары тұратын өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің ең жас және ең қарт адамдары қайда тұрады?

Бюро өкілдері ұсынған статистикаға қарағанда, Қазақстан халқы тез қартайып жатқанын байқауға болады. Дәлірек айтқанда, бір жылда қарттық индексі 1,6 тармаққа өскен.

«Қазақстанда қарттық индексі 2022 жылы 28,2 болды. Осылайша бір жылда 1,6% тармаққа өсті (26,6 - 2021). Бұл 0 мен 15 жас аралығындағы әр 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 азамат келетінін білдіреді», деді ведомство сарапшылары.

Өңірлер бөлінісінде Шығыс Қазақстанда ең жоғары көрсеткіш – 56,9. Одан кейінгі орында Солтүстік Қазақстан облысы – 56,3. Алғашқы үштікке Қостанай облысы да кірді – 48,9.

Ал ең жас аймақ Маңғыстау облысы болды. Онда кейінгі 10 жылда бала туудың ең жоғары көрсеткіші белгіленді. Мұнда әр 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 азамат келеді. Сонымен қатар қарттықтың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 және Шымкент қаласында – 11,7 тіркелді.

Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5.