Ауа райы • 24 Маусым, 2023

Бүгін ауа райы қандай болады?

189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Казгидромет 24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылып, қатты жел тұрады.

24 маусымда еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжанады.

Астанада да найзағай жарқылдап, күн күркірейді. 

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай жарқылдап, күн күркірейді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Қарағандыда найзағай ойнайды деп күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 24-26 маусымда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкентте де төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

Ақтөбе облысында батыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні түнде облыстың батысында, орталығында 15 м/с құрайды. 

Күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды. 

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп болжанады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында, Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдап, күн күркірейді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі деп болжанады.