Теннис • 26 Маусым, 2023

Жерлесіміздің алғашқы жеңісі

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен жұптық сындағы еліміздің бірінші ракеткашысы Александр Недо­весов Ұлыбританияда ұйымдас­ты­рыл­ған «Челленджер» турнирінде же­ңіс­ке жетті. Бұл – 36 жастағы отан­д­а­сы­мыздың биыл жеңіп алған алғаш­қы ти­тулы.

Жерлесіміздің алғашқы жеңісі

Тұманды Альбионда өткен теннисшілер бәсекесінде жерлесіміз Эквадор өкілі Гон­сало Эскобармен жұп құрап, финалда аме­рикалық және аустралиялық Роберт Гэллоуэй мен Джон Патрик Смитпен ше­бер­лік байқасты. 1 сағат 31 минутқа жалғас­қан матчта Александр мен Гонсало қар­сыластарынан үш сетте 2:6, 7:5, 11:9 есебімен басым түсіп, халықаралық турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды.

Бұған дейін Александр Недовесов АТР 250 санатындағы екі жарыстың финалына шығып, екеуінде де жолы болмаған еді. Осыдан бір апта бұрын ол дәл осы Эс­ко­бармен Нидерландта жалауы желбіреген АТР 250 додасында екінші орынға ие болған болса, сәуір айында португалиялық Франциско Кабралмен бірге Босния және Герцеговинадағы жарыстың финалында қарсыластарына жол берген еді.

Сондай-ақ кеше кешкісін жекелей сын­дағы еліміздің ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласындағы ATP-500 турнирінің финалында әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған ресейлік Андрей Рублёвпен бас жүлдені сарапқа салды.