Елорда • 07 Шілде, 2023

Астанада 330-дан астам үлескер-отбасы баспана кілтін алды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған кезекті тұрғын үй кешені ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 330-дан астам үлескер-отбасы баспана кілтін алды

«Жылдар бойы құрылысы тоқтап тұрған нысанды аяқтадық. «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған. Үлескерлер 9 жылдан кейін барып баспанасының кілтін алды. Нысан қабылданған кезде кейбір блоктарының құрылысы тіпті басталмаған да еді. Үлкен жүйелі жұмыс жүргізілді. Елорда күні қарсаңында 330-дан астам үлескер отбасының проблемасын шештік! Мұнда «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан бөлек құрылысы ұзаққа созылған өзге де нысандардың үлескерлері баспаналы болды», деп жазды елорда әкімі.

Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешені аяқталады. Осылайша, 4 мыңға жуық үлескер-отбасының проблемасын шешіледі.