Қоғам • 13 Шілде, 2023

Қазақстанда құмар ойындар жарнамасына тыйым салынады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда құмар ойындар жарнамасына тыйым салынады

Хабар 24 арнасы ұсынған деректерге сәйкес, соңғы екі жарым жылда Қазақстанда букмекерлік кеңселердің саны 38-ден 16-ға дейін азайды. Қазір тағы төрт букмекерлік кеңсенің лицензиясын жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ жыл басынан бері 5 лицензия қайтарылды.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан азаматтары арасында белең алған құмар ойын мәселесі төңірегінде кеңес өткізді. Оған вице-министрлер, комитет төрағалары және аппарат басшысы қатысты.

«Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Осының бәріне тосқауыл болуымыз керек. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек деп есептеймін», деді Асхат Оралов.