Білім • 17 Шілде, 2023

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау жалғасып жатыр

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz  Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

 

 

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау жалғасып жатыр

17 шілдеде «Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі басталды. Құжат қабылдау 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

2023 жылы магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы аясында инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар Халықаралық бағдарламалар орталығының бастамасымен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді.

Аталған өзгертулердің арқасында қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өте алады.