Елорда • 17 Шілде, 2023

Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Косманавтов көшесінен бастап М.Мақатаев көшесіне дейінгі учаскедегі Наркескен көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы басталады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылды

Осыған байланысты 17-19 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», деп қосты әкімдік өкілдері.