Әлем • 18 Шілде, 2023

Татарстанда шошқа обасын жұқтыру жағдайы тіркелді

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Татарстанның Кукмор ауданымен шектесетін Удмуртиядағы Ескі Аргабаш ауылында шошқаның африкалық обасын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Татарстанда шошқа обасын жұқтыру жағдайы тіркелді

Вятка жағалауының аңшылық-өндірістік учаскесінің аумағында жабайы қабаннан сынама алынып, зерттеу өткізілді. Нәтижесінде жабайы қабан шошқаның африкалық обасын жұқтырғаны расталды.

Алғашқы үш айда Татарстанда осы жұқпалы аурудың таралуын болдырмау мақсатында 1,5 мыңнан астам жабайы қабан атылды.