Қоғам • 18 Шілде, 2023

Үш күнде жол апатынан 25 адам көз жұмды - ІІМ

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 3 күн ішінде 25 адам жол апатына түсіп, көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz

Үш күнде жол апатынан 25 адам көз жұмды - ІІМ

Көбіне жүргізушілер асығыс маневр жасап, басып озу үшін қарсы жолаққа өтіп жатады. Алайда бұл қайғылы жағдайларға ұласып жатады. Күні кеше Түркістан облысында болған жол-көлік оқиғасында 10 адам опат болған еді. Тағы 12 адам ауруханада жатыр. Шаян ауылының маңындағы бұл жантүршігерлік жағдайда автомобильдер де түгі қалмай, өртеніп кеткен.    

«Алты ай ішінде біз 1,5 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалғанымызға қарамастан, бүгінгі таңда 1 022 адам қаза тауып, 7 370 қазақстандық жарақат алған. Олардың өмірі жол апатына дейін және кейін болып екіге бөлінді, себебі олардың қаншасы аман, қаншасы мүгедек болып қалатынын білмейміз», деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.