ANTIKOR • 19 Шілде, 2023

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ұсталды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 19 шілдеде Жетісу облысы ТЖД бастығы Бауыржан Ізбасаров ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ұсталды

Ведомство оқиғаның мән-жайы кейінірек мәлім болатынын қоса хабарлады.

«Иә, Бауыржан Ізбасаров қамауға алынғанын растаймыз. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», делінген хабарламада.

Агенттік өкілдері Бауыржан Ізбасаровқа қатысты қандай бұлтартпау шарасы санкцияланғанын нақтыламады.