Төтенше жағдай • 22 Шілде, 2023

Көкшетау маңындағы полигон бір жарым аптадан бері өртеніп жатыр

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бір аптадан астам уақыттан бері жанып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетау маңындағы полигон бір жарым аптадан бері өртеніп жатыр

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайсамен кездесу барысында қаладағы «Сарыарқа» ықшамауданының тұрғындары өртеніп жатқан қоқыс полигонынан шыққан түтінге шағымданған. Өз кезегінде әкім тұрғындарға полигон маңындағы өрт толығымен сөнгенше шыдамдылық танытуға шақырды.

Қала әкімінің айтуынша, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны тоғыз күннен бері жанып жатыр. Өрт аумағы үш гектардан бір гектарға дейін қысқарған.

Көкшетау полигонындағы қоқыс 12 шілдеде өртеніп, келесі күні Төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіруге жүзге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылғанын хабарлаған.