Әлем • 24 Шілде, 2023

Қытайда мектеп спортзалының шатыры опырылып, 10 адам көз жұмды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың солтүстік-шығысында Хэйлунцзян провинциясы Цицикар қаласында орта мектеп спорт залының шатыры опырылып, 10 адам қаза тапты, тағы бір адам үйінді астында жатыр, деп хабсрлайды Egemen.kz Қытай орталық телеарнасына сілтеме жасап. 

Қытайда мектеп спортзалының шатыры опырылып, 10 адам көз жұмды

Цицикар қаласындағы орта мектептің спорт залының шатыры жексенбі, 23 шілдеде опырылған. Оқиға болған кезде ғимаратта 19 адам болған. Оның төртеуі өздері қашып үлгерген, ал 15 адам үйінді астында қалған. Тағы бір адам үйінді астында жатқаны нақтыланды.

Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Оқиғаның неден болғаны белгісіз. Хэйлунцзян провинциясының билігі оқиғаның мән-жайын толық тергеуді тапсырды.