Сенат • 24 Шілде, 2023

Көкшетаудың алдағы жылыту маусымына дайындығы тексерілді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатындағы Ақмола облысынан сайланған депутаттар Нұрлан Бекенов пен Талғат Жүнісов Көкшетау қаласында болды. Сенаторлар қаладағы бірқатар нысандарды аралап, жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетаудың алдағы жылыту маусымына дайындығы тексерілді

Парламентшілер алдағы жылу маусымына жабдықтар мен жылу желісінің дайындығы және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жылу қазандықтарының жағдайынан хабардар болды.

Сенаторлар Красный Яр ауылына барар жолда орналасқан оқу-тәрбие кешені құрылысының барысымен де танысты.

Депутаттар мемлекеттік органдармен бірлесіп қолға алынған шаралар, оның ішінде энергетика саласын дамыту жөніндегі жұмыстар туралы айтып берді.