Білім • 28 Шілде, 2023

Түркияда тәжірибе алмасады

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Анимациялық студиялардың мамандары мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының және Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Түркияның Анкара қаласында шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинақтап жүр. Жоба аясында Қазақстан режиссерлері, продюсерлер мен суретші-аниматорлары жергілікті әріптестерімен тәжірибе алмасып, практикалық жұмыстарды бірлесе орындайды. Бірнеше күнге жоспарланған оқу аясында Түркияның танымал мамандарының қатысуымен шеберлік сабақтары да өтеді.

Түркияда тәжірибе алмасады

Еске салсақ, қазақстан­дық студиялар Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түркітілдес елдерге ортақ ежел­гі аңыздар желісімен 10 пи­лоттық анимациялық жо­ба­ның өндірісін бастады. Ани­мациялық альманахқа кіретін әр туындының хронометражы 5 минуттан асады. Бұл жоба түркітілдес мемлекеттер ара­сын­дағы ынтымақтастықты ны­ғайтып қана қоймай, болашақта бауырлас елдермен бірлескен анимациялық жобалар жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан анимация ма­­ман­дарының екінші тобы Поль­шадағы Krakow Ani­mation Center орталығында тә­жі­рибе жинақтап жатыр. Оқу барысында жергілікті ани­­мациялық студиялардың жұмыстарын қарап, балаларға қызықты тақырып таңдау, сценарий жазу шеберлігі және маркетинг бойынша біліктілік арттырады.

«Анимация саласы үнемі өзгеріп, дамып отырады. Сол себепті отандық мамандар­дың білік­тілігін арттыру өте ма­ңызды. Бұл тәжірибе алмасу-
мен қатар шетелдік студиялармен ынтымақтастық орнату арқылы жаңа нарықтарға шығып, көрермендер ауди­ториясын ұлғайтудың жақ­сы мүмкіндігі. Алдағы уақыт­та әлемдегі ең танымал сту­дия­лардың мамандарын тә­жірибе алмасу үшін елімізге шақыруды да жоспарлап отырмыз», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.