Футбол • 28 Шілде, 2023

«Тобыл»-«Базель», «Ақтөбе»-«Торпедо Кутаиси» кездесулері өтті

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Тобыл» швейцариялық «Базель» командасын ұтса, «Ақтөбе» грузиялық «Торпедо Кутаиси» командасын жеңді деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тобыл»-«Базель», «Ақтөбе»-«Торпедо Кутаиси» кездесулері өтті

Швейцарияда өткен екінші іріктеу кезеңінде «Тобыл» швейцариялық «Базельден» 3-1 есебімен басым түсіп, сенсация жасады.

Грузияда өткен екінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» грузиялық «Торпедо Кутаисимен» кездесіп, 4-1 есебімен тас-талқан етті. Енді қарымта матч 3 тамызда Ақтөбеде өтеді.

Осылайша конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде  қазақстандық футбол командалары жеңістерге жетті.