Тағайындау • 28 Шілде, 2023

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» төрағасы тағайындалды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есетжан Қосубаев «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы»КЕАҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылып, орнына Құрманбек Жұмағали тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» төрағасы тағайындалды

Құрманбек Жұмағалидің масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар.

Еңбек жолын «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған, «Хабар» агенттігінің жетекші редакторы, тілшісі.

2013-2018 жылдары Құрманбек Жұмағали Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы және Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған.

2018-2019 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС басқарды, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. Осы уақытқа дейін «31» медиахолдингінің бас директоры болып еңбек еткен.