Инвестиция • 28 Шілде, 2023

Қытайлық холдинг Қазақстанға инвестиция салуға дайын

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Xinjiang Hualing Industry and Trade (Group) Co. төрағасы Ми Ын Хуамен және Shanxi Meijin Energy Co. басшысы Яо Цзинь Лунмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытайлық холдинг Қазақстанға инвестиция салуға дайын

Xinjiang Hualing Қытай холдингі девелопмент, сауда, ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика және т. б. салаларда жұмыс жүргізеді. Әлихан Смайылов атап өткендей, бұл салалардың барлығы - Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттар, осыған орай, екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастық құрудың әлеуеті зор. 

Премьер-министр Қазақстан Үкіметі Xinjiang Hualing Group-тың инвестициялық бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. 

Өз кезегінде Ми Ын Хуа Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастыққа сенім білдіріп, келешекте түрлі жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. 

Қытай делегациясының сапары барысында ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Xinjiang Hualing Industry and Trade (Group) Co арасында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.