Құтқарушы • 29 Шілде, 2023

Құтқарушылар екі баланы құтқарды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Есік өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінде саяжай маңындағы аралда 2011, 2012 жылғы екі баланың қалып қойғаны туралы хабарлама  келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құтқарушылар екі баланы құтқарды

Фото: ҚР ТЖМ

Облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері бірден оқиға орнына жіберілген.

«Құтқарушылар тобы серуенге шығып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған баланың бірін өрт сөндіруші-құтқарушы Руслан Алпысбаев, екіншісін №3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Бағжан Оразымбетов көтеріп алып шықты. Балаларға медициналық көмек қажет болмады»,  делінген облыстық ТЖД мәліметінде.

Алматы облысы ТЖД кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұрайды.