Несие • 30 Шілде, 2023

120 мыңға жуық қазақстандыққа шетелге шығуға тыйым салынды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 120 мыңға жуық адамға шетелге шығуға шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

120 мыңға жуық қазақстандыққа шетелге шығуға тыйым салынды

Шекара асуға борышкерлер тізіміне енгендіктен шектеу қойылған. Әділет министрлігінің баспасөз қызметінің дерегінше, олардың қарыз көлемінің жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асып кеткен. Борышкерлердің ішіндегі 223 адам - шетел азаматы.

Шетелге баруға шектелгендердің көбі ер адамдар екен.

Министрлік өкілдері шетелге шығарда әуелі борышкерлер реестрінде бар-жоғыңызды білу үшін жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізу арқылы тексеріп көруге кеңес береді.