Қоғам • 02 Тамыз, 2023

Алматы әкімі өрт кезінде көз жұмған әйелдің жақындарына көңіл айтты

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкент шағын ауданындағы өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Алматы әкімі өрт кезінде көз жұмған әйелдің жақындарына көңіл айтты

«Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын! Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін», деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.