Байқау • 03 Тамыз, 2023

Әр жеңімпазға – 5 млн теңге

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына бүгінге дейін 64 өтінім келіп түсті. Оның ішінде «Үздік проза» аталымына – 26 шығарма, «Үздік драма» – 2 өтінім, «Үздік поэзия» – 21, «Үздік әдеби сын» аталымы бойынша – 1 өтінім, «Үздік әдеби аударма» – 4, «Үздік балалар әдебиеті» – 8, «Үздік комикс» – 2 өтінім.

Әр жеңімпазға – 5 млн теңге

Еске сала кетсек, әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр аталымға 5 млн теңгеден бөлінген.

Үміткерлердің өтінімі 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыр­күйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

««Айбоз» – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 аталым бойынша жүздеген жаңа туындымен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады», деді МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.