Ауа райы • 07 Тамыз, 2023

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2023 жылдың 8-10 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

«Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтын тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында екпінді желмен, бұршақ жауады», деп хабарлады мамандар.

Синоптиктердің айтуынша, бұл ретте температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Еліміздің батыс аймақтарында ашық әрі ыстық ауа райы сақталады.