Елорда • 07 Тамыз, 2023

Астанада осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?

241 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осы аптада елорданың мәдениет мекемелері қала тұрғындары мен қонақтарына арнап түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отыр. Бұл күндері концерттер, көрмелер, фестивальдер ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету орталығы 7 тамызда таңғы сағат 10-да «Қазақ даласының ұлы батырлары» дәрісін өткізеді, ал 10 тамызда сағат 10:00-де «Абай күні» ақпараттық сағатын ұйымдастырады.

Апта бойы, яғни 7-13 тамыз күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Сәкен Сейфуллин мұражайында Абай күніне және Ш.Құдайбердиұлының 165 жылдығына арналған «Абай және Шәкәрім» көрмесі өтеді.

8 тамыз күні сағат 15:00-де №15 бұқаралық кітапхана «Ата заң – ардағым» сұрақ-жауап сағатын өткізеді.

9-13 тамыз аралығында Елордалық цирк манежінде «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді. Қойылым уақыты: сағат 16:00-ден 18:30-ға дейін.

9 тамыз күні кешкі сағат 19:00-де Астана Опера «Музыкалық демалыс» концертіне шақырады.

10 тамыз күні таңғы сағат 10-да Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сонымен қатар №5 балалар кітапханасында «Абай Құнанбайұлының қуғын-сүргінге ұшыраған туыстары мен ұрпақтары» атты көрме ашылады.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі сағат 11:00-де «Абай – жүрек қалауы даналық белгісі» әдеби-театрландырылған қойылымына шақырады.

Ал №9 кітапханада сағат 16:30-да «Сұлтан Бейбарыс – ұлы мәмлүк» тарих сабағы өтеді.

11 тамыз күні таңғы сағат 11:00-де «Атамекен «Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені халықаралық Жастар күніне орай «Жастар – ел болашағы» атты дәріс өткізеді.

Сонымен қатар, № 5 балалар кітапханасында «Біз есірткіге қарсымыз» дәрісіне қатысуға болады.

11 тамызда сағат 12:00-де Астана Опера сахнасында «Қар ханшайымы» музыкалық ертегісі көрсетіледі. Сағат 19:00-де мұнда «Марица» опереттасы көрсетіледі. Сонымен қатар, Бейбітшілік және келісім сарайында Данияр Жұмаділов стенд-ап концертімен өнер көрсетеді.

12-13 тамыз күндері сағат 11-де Demalys Promenade аллеясынан «Қазақстан күні» монументіне дейін «Армандар орындалатын қала» иммерсивті театры ашылады. Сағат 12:00-де Астана гольф клубының алаңында Satisfaction Fest фестивалі өтеді.

Сондай-ақ осы сенбі және жексенбі күндері сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін қалалық алаңда және Орталық жағалауда Creative summer бағдарламасы, ал Нұр Әлем сферасы алдындағы ЭКСПО алаңында сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін Шәмші Қалдаяқов әндерінің фестивалі, сол сияқты классикалық және ұлттық қазақ музыкасының концерті жұмыс істейтін болады.

12 тамызда кешкі сағат 18:00-де Астана Операсында «Собака на Сене» музыкалық комедиясы ұсынылады. 13 тамызда сол сахнада сағат 12:00-де «Бременские музыканты» музыкалық ертегісі, Ал сағат 18:00-де «Летучая мышь» опереттасы көрсетіледі.