Қазақстан • 07 Тамыз, 2023

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим әлі күшіне енбеді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен визасыз режим әлі күшіне енбегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим әлі күшіне енбеді
«Қазақстан тарапы барлық мемлекетішілік рәсімді аяқтады және ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі қаулысымен осы келісімді бекітті. 28 шілдеде Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігіне хабарлама жіберді. Қазір біз Қытай тарапынан ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы тиісті хабарламаны күтіп отырмыз», деді Айбек Смадияров министрлікте өткен апталық брифингте. 

Оның айтуынша, өзара визасыз режимнің күшіне енуі туралы ақпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына жарияланады.