Партия • 08 Тамыз, 2023

Көкшетау қаласында жаңа мектеп ашылады

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласындағы «Құлагер» шағын ауданында 310 орынға арналып салынған жаңа мектеп ашылады. Нысан «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғызылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетау қаласында жаңа мектеп ашылады

Қазір ата-аналардың өтініштері қабылданып жатыр, ал әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Аталған шағын ауданда мектеп бұрын мүлде болмағандықтан жергілікті тұрғындар мектепті қаланың өзге аймағынан, көршілес Красный Яр ауылынан іздеуге мәжбүр болған. Әсіресе қыстыгүні жағдай тіпті қиын болған екен. Партияның арқасында енді балалар үйлерінің жанындағы жаңа мектепте білім алады.

Осы күндері мектеп ғимаратына жаңа жиһаздар әкелініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, мектеп жанынан 80 орындық шағын балабақша ашылады.

Жалпы, «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы бес жылда 39 мектеп пен қосымша құрылыс салу, 82 мектепте күрделі жөндеу жүргізу, барлық орта білім беру мекемелерін сапалы интернет байланысымен қамтамасыз ету, балаларды оқу жылына дайындау кезінде жыл сайын 1,5 мың көпбалалы және аз қамтылған отбасын қолдау жоспарланып отыр.