Оқиға • 08 Тамыз, 2023

Көкшетауда нан зауытының қоймасын өрт шарпыды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт 8 тамыз күні сағат 02:25 шамасында «Көкшетау нан зауыты» ЖШС аумағындағы қоймадан шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда нан зауытының қоймасын өрт шарпыды

Фото: видеокадр

Алау 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілердің жедел қимылдарының нәтижесінде өрттің таралуына жол берілмеген.

«Сағат 03:00-де өрт ауыздықталып, 04:53-те толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 42 адам мен 13 өрт сөндіру техникасы тартылды», делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.