Қоғам • 08 Тамыз, 2023

Алматыда қазақ тілін үйрететін тегін сабақтар өтеді

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша қазақ тілін тегін үйрететін курс ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz  Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

Алматыда қазақ тілін үйрететін тегін сабақтар өтеді

Курсты Мемлекеттік тілді дамыту институты ұйымдастырды. Аталған курс мемлекеттік қызметкерлерге, Алматы қаласының тұрғындарына, этникалық топ өкілдеріне, кәсіпорын қызметшілеріне арналған. 

Оқыту тамыз және желтоқсан айлары аралығында аптасына 2 рет, онлайн және тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, офлайн түрде өтеді.

Аталған курс Алматы қаласы аудан әкімі аппаратының ғимараты мен Алматы қаласының аудандарындағы кітапханаларда өтеді.

Мемлекеттік тілді дамыту институтының байланыс нөмірлері: 8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64.