Қоғам • 08 Тамыз, 2023

Алматының бірнеше ауданын су басты

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жауын-шашын салдарынан Алмалы және Наурызбай аудандарының аумағын су басты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының бірнеше ауданын су басты

«Алмалы ауданына тиісті учаскеде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары мен жиектастарда жаңбыр суын арық желісіне жіберетін саңылаулардың уақытша болмауына байланысты қысқамерзімді су басу дерегі анықталды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жиектастарда саңылаулар жасалады. Наурызбай ауданының әкімдігі «Алма сити» тұрғын үй кешенінде су басу дерегін жою бойынша жедел жұмыс жүргізді. Сағат 18.50-де «RBS Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы мен қызмет көрсететін компанияның күшімен су басу дерегі жойылды. Қазір көше желілеріне қосу арқылы ТК аумағынан су бұру мәселесі пысықталып жатыр», деп хабарлады әкімдіктен.

Жалпы, «Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметі бойынша тау өзендері бойынша жағдай тұрақты. Су басу дерегі анықталған учаскелерде аудан әкімдіктерінің коммуналдық қызметтері жұмысын жүргізіп жатыр.