Абай • 09 Тамыз, 2023

Алматылықтар Абай күнін қалай атап өтеді?

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының мәдениет басқармасы Абай күніне орай бірқатар мәдени іс-шара ұйымдастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылықтар Абай күнін қалай атап өтеді?

10 тамызда келесі іс-шаралар өтеді жеп жоспарланып отыр:

  • 10:00-де Абай алаңында (Достық және Абай даңғылдарының қиылысы) Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.
  • 11:00-де орталық қалалық кітапханада (Гоголь көшесі, 109) Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Аналар кеңесі бірлесіп «Ұлы Абай халық жүрегінде» атты дөңгелек үстел өткізеді.
  • 12:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында (Нұркент шағын ауданы, 6) «Абай мұрасы - қазақ қазынасы» әдеби-музыкалық қойылымы өтеді.

«Іс-шараға ғылым және шығармашылық адамдары, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің өкілдері, қазақстандық кино және театр актері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов қатысады», делінген хабарламада.