Президент • 09 Тамыз, 2023

Павлодар облысында 15 тонна алтын өндіру жоспарланған

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысына Poly Metal International plc халықаралық компаниясы қолға алған ірі жобаның жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Павлодар облысында 15 тонна алтын өндіру жоспарланған

Жоба аясында құрамында алтыны бар 300 мың тонна концентратты қайта өңдеп, одан 15 тонна алтын алу жоспарланған. Өндіріске құйылатын инвестиция көлемі – 347 миллиард теңге.

Бұдан бөлек, Президентке өңірдегі электроэнергетикалық кәсіпорындардың техникалық жағдайы туралы баяндалды. Павлодар облысының әкімі ГРЭС-1 және ГРЭС-2 энергоблоктарын, сондай-ақ Ақсу қаласындағы №7 электростанцияны жаңғырту жұмыстары 2024 жылы аяқталатынын айтты.

Сонымен қатар Асайын Байханов азық-түлік өндірісін ұлғайту перспективасы жөнінде мәлімет берді. Оның айтуынша, облыста сүт өндірісі және оны қайта өңдеу көлемі артып келеді. Биыл қосымша 10 жаңа заманауи ферма салынады. Оған 30 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді және әлеуетті инвесторлар тарту бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.