Абай • 10 Тамыз, 2023

Абай қолданған самаурын Ұлттық музейге табыс етілді

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Абай күні мерекесіне орай Ұлттық музей қорына ұлы ақын қолданған «Тула» самаурынын табыс ету  рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай қолданған самаурын Ұлттық музейге табыс етілді

Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Тарихи құндылығы жоғары саналынатын самаурын 1893 жылы жасалған екен. Аталмыш жәдігер Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қоры атынан Ұлттық музейге беріліп отыр. Абай Құнанбайұлы бастаған қазақ зиялылары шай ішкен сол самаурын – Семей қаласындағы меценат Бекбай Баисовтың керуен сарайында тұрған екен. 

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев ойшылдың өмірі мен шығармашылығы әлі де толық зерттелмеді дей келе, Абайдың қазақ  руханиятына қосқан айрықша үлесі туралы сөз қозғады.  

Осы күндері Ұлттық музей қорында Абай Құнанбайұлына қатысты 42 жәдігер сақталып тұр. Жәдігерлердің арасында ақынның жеке қолданған құтысы, тірі кезінде баспадан шыққан кітаптары және тағы басқа маңызды дүниелер бар.