Аймақтар • 14 Тамыз, 2023

Абай облысында автобус пен джип соқтығысты

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 14 тамызда сағат 05:38-де Үржар ауылының 10-ӨСБ пультіне автобус пен жеңіл көліктің соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады Egemen.kz.

Абай облысында автобус пен джип соқтығысты

Жол апаты орнына жеткен құтқарушылар мен өрт сөндірушілер тобы Toyota Land Cruiser көлігі мен Семей-Мақаншы бағыты бойынша жүретін VAN Hool жолаушылар автобусы бетпе-бет соқтығысқанын анықтаған. Оқиға салдарынан екі көлік отқа оранды.

Жантүршігерлік жол апатынан Toyota Land Cruiser көлігінде отырған адам көз жұмды. Ал автобус жүргізушісі мен бір жолаушы Үржар ауданының ауруханасына жеткізілді.

Азаматтық қорғау қызметкерлері жеткенге дейін 27 жолаушы өздігінен эвакуацияланып үлгерген.