Елорда • 14 Тамыз, 2023

Астанада тағы бір газ жылу станциясы салынады

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың тыныс-тіршілігі үшін маңызды нысандар жайлы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада тағы бір газ жылу станциясы салынады

«Қаланың тіршілігі тоқтаусыз жүру үшін бірқатар маңызды нысан саламыз. Олар – «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары, сондай-ақ құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3 нысанын аяқтаймыз. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді», деп жазды бас қала әкімі.

Айта кетсек, елордада жылыту маусымы шамамен 7 айға созылады. Әкімнің жазуынша, газ жылу станциялары мен ЖЭО-3-ті алдағы жылыту маусымында кезең-кезеңімен пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Мәселен газ жылу станциялары мен ЖЭО-3 осы жылыту маусымында 1100 Гкал/сағ жылу береді, бұл бізге профицитке шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл үшінші газ жылу станциясының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз», деп жазды Жеңіс Қасымбек.