Елорда • 14 Тамыз, 2023

Астанада балалар арасында футболдан турнир өтіп жатыр

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада аула командалары арасында футболдан «Аула лигасы» турнирі өтіп жатыр. Тамыз айының басында Астана қаласында аула футболынан ауқымды балалар турниріне іріктеу кезеңі өткен еді. Турнирдің келесі кезеңіне 53 команда жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада балалар арасында футболдан турнир өтіп жатыр

Турнир қаланың бес спорт алаңында 5+1 форматы бойынша өтіп жатыр.

  • Сарыарқа ауданы – Көктал паркі, Бейбарыс Сұлтан көшесі;
  • Алматы ауданы – ҚФФ ашық футбол алаңы, Б. Момышұлы көшесі, 5А;
  • Байқоңыр ауданы – ҚФФ ашық футбол алаңы, Б. Момышұлы көшесі, 5А;
  • Нұра ауданы – №81 Astana English school мамандандырылған гимназиясы, Ілияс Омаров көшесі, 14;
  • Есіл ауданы – Қабанбай батыр көшесі, 31.

Аула командалары арасындағы футбол турнирі жазғы демалыс кезінде балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу, қалада бұқаралық футболды дамыту, жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткізіліп жатыр.

Жеңімпаздар мен жартылай финалға шыққандар естелік сыйлықтармен, дипломдармен, кубоктармен марапатталады.

Финалдық ойындар тамыз айының 30-31 күндері «Жас Батыр» спорт кешенінде (Конституция көшесі, 3) өтеді. Ойындар күн сайын сағат 10.00-де басталады.