Тұлға • 15 Тамыз, 2023

Бүгін қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 тамыз - даңқты композитор, мемлекеттік Әнұран авторларының бірі, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Бүгін қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

Қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы, осы күндері Шәмші Қалдаяқовтың есімімен аталатын ауылда 1930 жылы дүниеге келген.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына балалық шағы тұспа-тұс келген ол тылда жұмыс істеді, 1950 жылы Сарыағаштағы Қапланбек малдәрігерлік техникумын тәмамдады. Әскери борышын Қиыр Шығыста 1951-1954 жылдары өтеген. 1956-1962 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында оқыған.

1950 жылдан бері шығармашылықпен айналысқан даңқты композитор 40 жылдан астам уақытта 300-ге жуық ән жазған деседі. «Ана туралы жыр», «Сағынышым менің», «Арыс жағасында», «Тамды аруы», «Қайықта», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Жақсыгүл», «Әнім сен едің» және тағы басқа әндері алты алашты шарлап кеткені мәлім.  

Ш.Қалдаяқовқа 1991 жылы Қазақстанның халық әртісі атағы берілді.

1991 жылы Шәмші Қалдаяқов туралы «Жылдарым менің, жырларым менің» атты ғұмырнамалық деректі фильм түсірілген.

Композитор ұзаққа созылған ауыр дерттен 1992 жылы 29 ақпанда 62 жасында қайтыс болды.

1992 жылдан бері Шәмші Қалдаяқов атындағы фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Мәңгілік өлмейтұғын қазына қалдырған аңыз адам Шәмші Қалдаяқов байлық-атаққа малынбаса да қалың қазақтың алақанында өтті.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024